Арнайы білім жетілдіру курстары педагогтарға не береді?

Министрлік тарапынан педагогтарды оқыту, біліктілігін арттыру курстары болып жатады. Әрине, ол жақсы. Осы жерде сұрақ қоя кетсем, мұндай курстар мұғалімдерге не береді?

Меніңше, әрбір мұғалімнің кәсіби дағдысын, білімін қалыптастыру үшін бұл шара ауадай қажет деп ойлаймын. Дегенмен, ұстаздар көбіне аттестацияға, комиссия тексергенде портфолиомыз толып тұруы керек деген шеңберден шықпай жатады. Ұстаздармен пікірлескенде осындай ойларын жеткізіп жатты.

«... Шынын айту керек, құжат жинау мақсатында ғана біз білім жетілдіруге құмармыз. Ықыласымен білім жетілдірейінші дегенді мақсат тұтатын мұғалім кемде - кем. Себебі, қағазбастылық өте көп. Мұғалімнің жүгі тым көбейіп кетті. Қазіргі таңда мұғалімдердің демалатын уақыты да жоқ. Өзінің жанұясындағы балаларға уақыт бөлетіндей де мүмкіндігі жоқ.» - деген жауаптарын естідік.

«... Сондай шаршау кезінде, үкіметтің балдарына, халықтың балдарына мән береміз. Шаршаймыз әрине. Өз отбасымыз, өз балаларымыз сырттап қалып жатады. Ол шаршаудың орнын толтыратын дәрігерлік көмекке жүгінеміз. Оның өзі жартылай. Екі - үш күн алып, жағдайымыз жақсарған соң, қалған төрт күні қалып қояды. Әрмен қарай, керек десеңіз ағзамызға көмек бере алмаймыз. Ауру неден келеді? Бұл нервтен, стресстен. Біз осы жүйке тамырларының шаршағандығынан түрлі аурулар қозады» деген пікірді де естідік.

Әрине, маман ретінде менің алып-қосарым. Осындай кезде педагогтарға арналған психологиялық оқулар болып жатса, осы бағыттағы білім жетілдіру шаралары ұйымдастырылса, өзіміздің оқушыларымызға, тіпті, ұстаз отбасындағы, ортасындағы кейкілжіңдердің сәл де болса шешілуіне көмек болар еді.

Назира Аймаханова, психолог - тренер 

Advertisement
Share Post