Ақтауда жаңа эко-курорт салынады

Маңғыстау облысының туризм басқармасының қолдауымен "Каспий» ӘКК" АҚ, Pine Hills Group туристік деволопер және "Жәрдем Ақтау" ЖШС арасында "Жылы жағажай" курорттық аймағының аумағында "Ақтау қаласында эко-курорт құрылысы" жобасы бойынша ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.

Жоба рекреациялық қызметтердің толық спектрі бар заманауи эко-курорттың құрылысын көздейді. Тұжырымдама қонақ модульдік үйлерді глампинг форматында орналастыруды, бассейндері бар заманауи сауықтыру орталығын, мейрамханаларды, сондай-ақ жайлы демалыс үшін абаттандыруды қамтиды.

Жобаның ерекшелігі объектілерді салу кезеңінде де, оларды одан әрі пайдалану кезінде де көміртегі ізін едәуір азайтуға көмектесетін тұрақты технологияларды қолдана отырып құрылысқа экологиялық көзқарас болады.

Бұл әзірлеушінің екінші жобасы, Nomads Eco Resort деп аталатын ұқсас тұжырымдамасы бар жоба Алматы облысының Талғар ауданында салынып жатыр. Екі жобаны құру кезінде Zrobim Architects сәулет бюросының атынан шетелдік сәулетшілер тартылды.

«Маңғыстау облысының бірегей табиғи ресурстары мен бай туристік әлеуеті бар және біз жобаны іске асыру отандық қана емес, шетелдік туристерді де тартуға қосымша серпін береді деп санаймыз», - деп атап өтті «Каспий» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Абылай Молдағұлов.

«Pine Hills Group» компаниясының негізін қалаушы және даму жөніндегі директоры Арман Әлжановтың айтуынша, уақытша тұрудың базалық қызметтері мен мейрамхана сервисінен басқа, қызметтердің барлық түрлерімен заманауи Wellness орталығын іске қосу жоспарлануда:

«Біз болашақ қонақтарымыз үшін әсерлі қонақ тәжірибесін қалыптастыруға - қонақтарымыз қайтадан оралғысы келіп, сапалы қызмет пен жағымды эмоциялар алуы үшін жағдай жасауға тырысамыз», - деп қосты жоба бастамашысы.

"Жылы жағажай" аумағында жобаны іске асыру қосымша туристік ағымды тартуды көздейді және Маңғыстау облысының визит карточкаларының біріне айналуы мүмкін.


Бөлісу