А. Балаева жаңа министрліктің алдағы бағыты туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ras.kz ақпараттық порталы Aқордаға сілтеме жасай отырып. 

 Министр Президентке министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндады делінген, жазбада. 

Президентке министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берілді.

Аида Балаева креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

А.Балаева ішкі саясат пен мемлекеттік идеологияда ысылған мамандардың бірі. Алайда, жаңа министрліктің жұмысын тиімді үйлестіруге қаншалықты үлес қосатыны уақыттың еншісінде. 

Фото интернет желісінен алынды 

Жарнамалық баннер
Бөлісу