5 жасар баланы құтқарып қалған оқушы марапатталды

Астанада 5 жасар баланы құтқарып қалған оқушыға әкімдік 1 млн теңге мен планшет сыйлапты.

Астанада 20-шы мамыр күні орын алған оқиға туралы шаһар әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды, - Ras.kz ақпараттық порталы. "Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездестім. Ол өзінің жылдамдығымен және батылдығы арқылы ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. Осылайша, 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды", - деді әкім. Қала басшысы батыр баланың алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсуіне, басқа да шараларға көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді. 

 


 

Advertisement
Share Post