Дінмұхаммед Райымқұл-жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Дінмұхаммед Райымқұл Алматы қаласында «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл - Қазақстанның фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі. 

Дінмұхаммед  финалда 104.52 ұпай жинады. Күміс пен қола медаль қытайлық (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) спортшыларда. Әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.

Таңертең іріктеуде Ұлттық құрама спортшысы 4-сатыға тұрақтап, ақтық сынға жолдама алған. Ал әйелдер арасында 7-сатыға тұрақтаған отандасымыз Ардана Маханованың финалға шығуына аз ұпай жетпей қалды. 

Еске сала кетейік, Алматыдағы чемпионатта 16 мемлекеттің командасы сынға түсіп жатыр. Жарыс ертең мәресіне жетеді.

Фото ашық дереккөздерден алынды

Share Post