2025 жылдың басынан бері:
вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді;
440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды;
осы өнімдерді өндіруге арналған 6 бірлік жабдық алынды;
тәркіленген өнімнің жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асты;
14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз қызмет Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған.
Түскен табыстар «дроптар» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған
Аталған өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелетке толмаған оқушылар екенін атап өткен жөн.
Егер сізге вейптерді заңсыз сатумен кім, қай жерде айналысып жатқандығы белгілі болса — бей-жай қарамаңыз.
Call-center: 1458 нөміріне қоңырау шалыңыз — анонимдікке кепілдік беріледі.
ҚМА Баспасөз қызметі