13 салмақтың 12-сінде финалға шыққан жігіттеріміз 10 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасынан тек 54 келідегі Кенже Мұратұлы ғана бірінші жекпе-жекте есе жіберді
Азия чемпионатының жүлдегерлері:
🥇Тілеуберді Сүлеймен (48 келі)
🥇Диас Берікбай (51 келі)
🥇Жасурбек Анорбаев (57 келі)
🥇Нұрислам Қалдыбаев (60 келі)
🥇Бақтияр Анарбаев (67 келі)
🥇Ағажан Қадыр (71 келі)
🥇Аман Қонысбеков (75 келі)
🥇Бақберген Әлиасқаров (80 келі)
🥇Ибрагим Бетаев (86 келі)
🥇Азатбек Жолдасхан (92 келі)
🥈Сералы Жолмағанбет (63,5 келі)
🥈Ерсұлтан Сапар (+92 келі)
Ерлер бәсекесінде жоғары нәтиже көрсеткен ТОП-3 мемлекет:
1️⃣Қазақстан – 🥇10 алтын,🥈2 күміс,
2️⃣Қырғызстан – 🥇2 алтын,🥈4 күміс,🥉3 қола
3️⃣Тәжікстан – 🥇1 алтын,🥈2 күміс,🥉3 қола
2 аптаға жалғасқан сары құрлықтың додасында 19 елден 74 боксшы сынға түсіп, тек Қазақстан құрамасы ғана толық құрамда өнер көрсетті.
Қазақстанның ерлер құрамасы өз тарихында үшінші мәрте 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жүлдеге таласты. Бірінші мәрте 2023 жылы Таиланд Корольдігінде жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс, 5 қола алса, 2024 жылы Астана төрінде 13 боксшымыз да финалға шыққанымен, 8 алтын, 5 күміс медальмен жарысты аяқтаған болатын.
Туризм және спорт министрлігі