Түркия бауырлас Қырғыз елінің қарызын кешірді

Қырғыз басшысы Садыр Жапаровтың Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Ras.kz ақпараттық порталы

Шара барысында Түркия «жасыл» экономика жобаларын жүзеге асыру үшін Қырғыз елінің 62,3 миллион доллар көлеміндегі сыртқы қарызын кешіргені айтылды. Еске сала кетсек, кездесулер нәтижесінде екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекетаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған біршама құжатқа қол қойылған. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қырғызстанда мемлекеттік сапармен жүр. 6 қараша күні Түркия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады деп күтілуде.   



фото ашық дереккөздарден алынды

Advertisement
Share Post