Талғардағы оқиға: Өртенген үйдің сыртынан резеңке қолғап пен канистр табылды

Фото: YouTube

12 қазан түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Өрт сырттан басталды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының прокуроры Берік Адамов айтты.

«Өрт болған жерден дәлелдер жиналды. 600-ден астам адам сұралды. Оқиғаның қалай болғанын нақты анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай емес екенін және от сырттан қойылғанын айтты. Оқиға орнынан резіңке қолғап пен канистрға зерттеулер жүргізіліп жатыр»,- деді прокурор.

Advertisement
Share Post