СҚО - да "Жезқазған - Петропавл" автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар "Жезқазған – Петропавл" автожолының (746–785 шқ) Шал ақын ауданына қарасты Ұзынжар ауылынан Сергеевка қаласына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 Аталмыш учаскенің жалпы ұзындығы 39 шақырымды құрайды.

Қазіргі уақытта ісінгіш аумақтарды жою, суық ресайклинг әдісімен жол төсемінің негізін салу және асфальтбетон жамылғысының төменгі қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда.

Жоба аясында барлық учаске бойында суық ресайклинг әдісімен негіз салу және екі қабатты жол жабынын төсеу қарастырылған.

Сонымен қатар, тоғыз суөткізгіш құбырын жөндеу, төрт автопавильон салу, жол бойындағы қауіпсіздік қоршаулары мен жол белгілерін қоса алғанда, жол инфрақұрылымының элементтерін орнату жұмыстары жоспарланған.

Бөлісу