«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді М. Қожаев.
Сонымен қатар жалпы отырыста ол ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды.
Естеріңізге салсақ, Президент Жарлығымен Марат Қожаев Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Ол Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.