«ҚазМұнайГаз» қаржылық нәтижелерiн жариялады

Ұлттық компания 2024 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелерiн ұсынады. Телеграм парақшасында осындай мәлімет тарады.

 Сонымен, 2023 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2024 жылдың тоғыз айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер:

 Түсім 6 088 млрд теңгемен салыстырғанда 6 349 млрд теңгені құрады;

 EBITDA көрсеткіші 1 679 млрд теңгемен салыстырғанда 1 601 млрд теңгені құрады;

 Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесті қоса алғанда, компанияның таза пайдасы 946 млрд теңгемен салыстырғанда 867 млрд теңгені құрады. Таза пайданың азаюына негізінен бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің төмендеуі, соның ішінде ТШО-ның Сағалық қысымды басқару жобасы/Болашақ кеңейту жобасы нысандарын пайдалануға беру нәтижесінде амортизацияға жұмсалатын шығынының артуы ықпал етті;

 Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда 597 млрд теңгемен салыстырғанда 1 018 млрд теңгеге жетті;

 Бос ақша ағымы 458 млрд теңгемен салыстырғанда 1 012 млрд теңгені құрады.

Ашық дереккөздерден

Advertisement
Share Post