Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

Ras.kz порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап осындай ақпарат таратты

Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Ауа екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде 25-28 градус қатты аяз болады деп күтіледі. Талдықорғанда түнде 26-28 градус қатты аяз болады деп отыр.

Алматыда 24-26 қаңтар аралығында Бұтақ өзені – Бұтақ ауылы гидрологиялық бекетінде мұздық құбылыстарға байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Бұтақ өзені – Бұтақ ауылы ГБ су деңгейі 280 см құрады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан жел соғады.

Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 градус қатты аяз болады деп күтіледі. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Қонаев қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Ауа екпіні - 18-23 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. 24 қаңтар күндіз, 25 қаңтарда тәулік бойы Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің облыстың солтүстігіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, ауа екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.


Бөлісу