2024 жылғы мәліметтерге сүйенсек, елімізге келген ең белсенді саяхатшылардың жасы – 35-39 аралығында. Екінші орында 30-34 жас аралығындағы келушілер, ал үшінші орынды 40-44 жастағы шетелдік туристер иеленді. Талдау «eQonaq» ақпараттық жүйесінде тіркелген орналастыру орындарының деректерін қамтыды.
Өткен жылы шетелдік қонақтардың негізгі бөлігін 30-44 жас аралығындағы туристер құрады - 653 мыңнан астам адам. 25-29 жас аралығындағы жас саяхатшылар келесі позицияны иеленді (шамамен 174 мың адам), ал 45-49 жас аралығындағы шетелдік келушілер 156 мыңнан асады.
Орналастыру орындарына тоқтаған шетелдік туристердің басым бөлігін ер адамдар құрады - 70,5%.
Қазақстанға іскерлік мақсатта 150 мыңға жуық шетелдік қонақ келген.
t.me/qaztourism компаниясынан