Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Теннистен 4-9 тамыз аралығында Чехияның Простеев қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Ras.kz ақпараттық порталы

Қазақстан құрамасы B тобына түсті. Біздің команда бұл топта Германия, Жапония және Гонконг құрамаларымен кездеседі.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздің намысын Ахмади Маханов, Хақназар Жеткербай және Әмір Асқар қорғайды.

Германия құрамасы - 2014 жылғы әлем чемпионы. Ал Жапония құрамасы 2011 жылы әлем чемпионатының финалисі атанған болатын.

Дереккөз: ҚТФ

Бөлісу