Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы қызметіне тағайындалды. Бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды, Akorda.kz
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылғаны да хабарланды.
Сонымен қатар, Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Akorda.kz фото



