Қарағандыда үстел теннисінен чемпионат өтуде

Қарағандыға еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ден астам жас теннисші жиналды

Қазақстанда алғаш рет 11 және одан кіші жастағы шағын ракетка шеберлерінің республикалық чемпионаты ұйымдастырылды. Шара Қарағанды қаласының Saryarka үстел теннисі орталығында өтуде. Біріншілікті өткізу орны кездейсоқ таңдалмаған: қарағандылық үстел теннисі мектебі еліміздегі ең үздіктердің бірі болып саналады. Оның тәрбиеленушілері – ұлттық чемпионаттардың, клубтық турнирлердің, спартакиадалар мен халықаралық жарыстардың тұрақты жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Жарыс 3 маусымда басталып, 8 маусымға дейін жалғасады.Жарыс 3 маусымда басталып, 8 маусымға дейін жалғасады.   

- Бұл үстел теннисінен 2014 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы алғашқы республикалық чемпионат. Біздің жас теннисшілеріміздің халықаралық турнирлерге қатысу үшін ұлттық құрамаға үздіктерді іріктеуді жалғастыра беретінін көреміз, -  дейді жарыстың бас төрешісі, үстел теннисінен ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Эльмира Әлиева.

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Бөлісу