Оның ішінде 90 мыңға жуық оқушы 33 жайлы мектепте білім алуда. Олар бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған жеке блоктармен, заманауи техникалық қауіпсіздік құралдарымен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған кедергісіз ортамен, бірнеше спорт залдарымен, заманауи пәндік кабинеттермен қамтылған. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін қазіргі заманғы форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша тағы 18 мектеп ашылды. Қалған 55 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен ашылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Фото ашық дереккөздерден