М.Ералиев: «Әділет» партиясы – бос сөз, хайптың партиясы емес, нақты істің партиясы!

«Әділет» партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Мағжан Ералиев Ras.tv youtube арнасына берген сұқбатында осылай деді

Кәсіпкер, меценаттың айтуынша, партия платформасында прагматикалық шешімдер мен нақты істерге негізделген құндылықтар жазылған. Ең бастысы, барлық ұстанымдар – халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілігін одан әрі жақсартуға бағытталған. Әсіресе, ауыл тұрғындары, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, осы бағыттағы несиелер мен қаржылық жеңілдіктерді қарастыру күн тәртібінде тұрған мәселе деп атап өтті. 

Мағжан Абзалұлы, жастардың мүмкіндігін барынша пайдаланып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау кезек күттірмей шешетін мәселе деді. 

«... Менің жеке пікірім, ойым: жастар өте еңбекқор деп санаймын. Неге деп сұрасаңыз? Себебі, қазіргі таңда жастардың білімге деген құштарлығы өте жоғары. Жасанды интеллект бар, цифрландыру т.с. даму үстіндеміз. Осы бағытта жастарымыз жақсы жұмыс істеп жатыр. Оны өзіміздің мекемедегі жұмыс барысынан да көріп жатырмыз» 

Мағжан Ералиев, партия бүгінгі күннің өзекті деген мәселелерін бір сәт те назардан тыс қалдырмайды деп атап өтті. «... Жасанды интеллект бойынша өңірлердегі, ауылдардағы барлық азаматтарымыз, яғни, 5 миллионға жуық отандасымыз, ол сынып оқушысы болсын, студент болсын, тіпті, жұмыскер болсын, барлығын осы жасанды интеллектті жаңа құрылған бағдарламалар мен әдістемелермен  оқыту көзделген. Оларды осы жасанды интеллектпен таныстыру. Әрі қарай цифрландыру арқылы өндіріске енгізу. Түйіндей айтсақ, партиямыз бос сөз, хайптың партиясы емес, нақты істің партиясы дейміз» 

Толық нұсқа сілтемеде: 



Бөлісу