Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды. Ресми сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, екіжақты құжаттарға қол қойылады.