KPI полипропиленнің жаңа маркасын шығара бастады

"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." компаниясы полипропилен өнімдерінің қатарын кеңейтуді жалғастырып,өңдеушілерге он екінші - PP H085CF/7 маркасын ұсынды

Жаңа марка cast-полипропилен үлдірін (CPP) шығаруға арналған. Ол тамақ өнімдерін, соның ішінде кондитер және нан-тоқаш өнімін қаптауға, сондай-ақ медициналық пакеттер мен сұйықтық сақтауға арналған ыдыстар шығаруда кеңінен қолданылады.

CPP үлдірінің басты артықшылығы — қаптаманың ішіндегі ылғалдылықты реттеуге болады. Бұл өнімнің сақтау мерзімін айтарлықтай ұзартуға мүмкіндік береді. Мысалы, мұндай қаптамадағы нан бірнеше апта бойы бүлінбейді, ол балама қаптамалардан әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар үлдір конденсаттың түзілуіне жол бермейді, ішіндегі өнім кеуіп қалмайды және бактериялардан қорғалады.

PP H085CF/7 маркасы зертханалық сынақтардан сәтті өтіп, алғашқы клиенттердің оң бағасын алды. Бүгінде әлеуетті тұтынушылармен келіссөздер жүріп жатыр.

KPI елімізде де, шетелде де заманауи өңдеуші компаниялардың талаптарына сай келетін шешімдерді әзірлеуге басымдық береді.

Қазмұнайгаз

Бөлісу
Ілмектер