Мереке қарсаңында олар қарулас достарына өздерінің мәдениеті мен дәстүрінің элементтерін тарту етті.
- Құқықтық тәртіп әскерінде жыл сайын татулық күніне орай "Бір шаңырақ астында", "Бірлік сабақтары", "Қазақстан — ортақ үйіміз" атты дәстүрлі акциялар өткізіледі. Бұл іс-шаралар еліміздің бай мәдени мұрасын көрсете отырып, әскери қызметшілер арасындағы ұлтаралық келісімді, патриотизм мен достықты нығайтуға ықпал етеді, - дейді 6636 әскери бөлімі командирінің орынбасары Нұрлан Башенов.
Айта кетейік, бүгінде Ұлттық ұлан қатарында отыздан астам ұлт өкілдері қызмет етуде. Олардың ішіндегі саны жағынан ең көбі - орыс, өзбек және татар ұлтының өкілдері. Сондай-ақ, ұландық сарбаздар сапында эстондықтар, гректер мен камчадалдар да бар.
ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі