Іс-шараны "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы» ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Миссия барысында агроөнеркәсіп, тоқыма және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы қазақстандық өнімдер таныстырылып, шетелдік серіктестерге ұсынылды. Қазақстандық тауарларға қызығушылық жоғары болды.
Бұл миссия – 2024 жылғы қазанда қабылданған Жол картасын іске асыру және Алматыда өткен Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумында жасалған уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам.