Жетісу облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды

"Қазавтожол" мекемесі Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы ақпарат таратты

2025 жылғы 4 ақпан сағат 15:30-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 557-615 шақырым аралығындағы учаскеде (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 23:00-де ашу жоспарланған

Бөлісу