Халықтың игілігі-жоғары заң: қайтарылған қаражатты пайдалану нәтижелері

Мемлекет басшысының тапсырмасымен заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмысы Прокуратура қызметінің негізгі бағыттарының бірі.  Бүгінде бұл сөздер нақты іске асырыла бастады. Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен еліміздің барлық өңірінде жалпы құны - 617, 7 млрд. теңге болатын 466 әлеуметтік, коммуналдық және инфрақұрылымдық нысан салынуда. Олардың қатарында ауруханалар, мектептер мен, бала бақшалар, жол өткелдері, спорт кешендері т.с. әлеуметтік нысандар бар. Мұның барлығы қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқан ауқымды іс шаралардың жиынтығы. Бастысы, қолға алынған бұл шаралардың нәтижесінде өңірлердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылады делінген, - Бас прокуратура таратқан фильмде. 

Жобаның толық нұсқасын төмендегі сілтемені баса отырып, қарауға болады. 

https://www.youtube.com/watch?v=VI6WbfevjhA


Бөлісу