Ғ.Бейсембаев: 3,9 млн-нан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және оған байланысты жоспарланған іс-шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі

Оқу жылын "Білімім - Отаныма" бірыңғай сынып сағатымен қорытындылау жоспарлануда.

11-сынып түлектеріне арналған салтанатты шараны әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 23-24 мамырда өткізу ұсынылады.

Аттестаттарды тапсыру рәсімі 18-20 маусым аралығында өтеді. 9 және 11 сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр-16 маусымға жоспарланған.

Биылғы жылы 11-сыныпты 217 мың түлек аяқтайды, сондай-ақ 9-сынып бітіретін 364 мың оқушы мектепте оқуды жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайды.

 

Бөлісу