Газа аумағынан азаматтарымызды шығару жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр- СІМ

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстардың салдарынан елден жырақта жүрген отандастарымыз төтенше жағдайларға тап болуы мүмкін деген пікірлер жиі айтылып жүр. Бұл, әрине негізсіз емес. Олай дейтімініз, жан – жал аймағында бір емес, бірнеше топтық әскери құрылымдар жүргені ақиқат.

Кеше сенат отырысынан кейін ақпарат құралдарына сұқбат берген сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров отандастарымызды Газа секторынан шығару бойынша жүйелі жұмыстар атқарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Ras.kz ақпараттық порталы.

Омаровтың айтуынша, Газа аумағындағы азаматтарымыздың амандығы үшін дипломаттар, қос тарап тиімді жұмыс істеп жатырған көрінеді. Әрине, Газа секторынан азаматтарымызды шығарудың жалғыз жолы бар – ол Рахақ қаласы арқылы өту. Бірақ, бұл аймақ тым қауіпті. Қала жабық. Бұл жерден өтуге болмайды дейді, Омаров.

Бұл жерде айта кету керек, 45 ел отандастарын Газа секторынан шығару туралы келіссөздер жасап жатыр. Алайда, бұл жұмыстардың қаншалықты нәтижелі болатынын уақыт көрсетеді.


фото интернеттен алынды


Advertisement
Share Post