Ералы Тоғжанов жаңа қызметті тізгіндеді

Республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Ералы Тоғжанов сайланды

 Федерация таратқан хабарламада былай делінген:  "Ералы Тоғжановтың ел басқару ісіндегі мол тәжірибесі, ұлттық мұраға деген терең құрметі мен көреген басшылығы шешуші рөл атқарады. Оның жетекшілігімен федерация қызметі жаңа деңгейге көтеріліп, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен дәстүрлі мәдени құндылықтарды жаңғырту бағытындағы жұмыс нақты нәтижелермен жалғасатыны сөзсіз. «Ұлы дала жорығы» — тұлпар тұқымын іріктейтін табиғи сынақ қана емес, әлемдегі ең төзімді жылқы тұқымын анықтайтын далалық зертхана"

Е.Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі, Премьер министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі болған. 2024 жылғы мамырдан бастап Премьер министрдің кеңесшісі қызметінде.

Республикалық «Joryq» ат спорты федерациясы

Бөлісу