Елордалық ұстаздар "Үздік педагог - 2025" конкурсының жеңімпазы атанды

Қазақстанда "Үздік педагог-2025" республикалық конкурсының қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздар қатарында елордалық мұғалімдер де бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

 «Үздік педагог-2025» республикалық конкурсының III кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып төмендегі елордалық педагогтер анықталды:

Жүніс Октябрина Амангелдіқызы – математика пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «№71 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК;

Биғожина Бакина Олжабайқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК;

Рақымжан Бағдагүл Рақымжанқызы – тарих пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК;

Айқымбаева Дина Дәулетқызы – арнайы пәндер оқытушысы, «Көлік және коммуникация жоғары колледжі» ШЖҚ МКК;

Төрекенова Аяужан Қайсанқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК;

Нұрғазина Айжан Сейітқызы – бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «№97 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК;

Жанасова Құралай Еркенқызы – биология пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ.

Бөлісу