Қазақстан жағдайында қалай? Біздің оған әлеуетіміз толыққанды жетеді ме? Осы сұрақ елдің автонарығын зерттеп жүрген азаматтар үшін қызықты тақырыпқа айналды. Қазақ елі нарықтық қатынас қағидаттарына сәйкес, барлық автоөндірушілермен терезелес келісімдер жасай алады. Соған қарамастан, автонарықта көліктердің бағасы аспандап тұр? Неліктен? Бұған қандай факторлар әсер етеді?
Жауапты іздемес бұрын, ескі қазақстан нарығын билеген олигархтар еске түседі? Иә , олардың автонарықты еркіндікке жіберуге мүдделі еместігі анық. Ақшадан, жеп отырған нанынан айырылғысы жоқ. Сондықтан, түрлі сылтаулармен мемлекеттік салық пен көрінбейтін төлемдер енгізіп қойған. Бұл жүйемен қанша күрессек те, әлі толық шешімін таппады. Қазіргі жағдай осылай жалғаса берсе, әлемдік нарықтағы ескі-құсты темір терсектер біздің нарыққа кіріп кетуі мүмкін. Соған қарамастан, қазақстан үкіметі электромобильдерді бажсыз әкелу мерзімі екі жылға ұзартылатынын айтып отыр. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, осы санаттағы 30 мың автокөлікті бажсыз, салықсыз әкелуге болады дегенді айтып отыр. Одақ бойынша берілген квота мөлшері осындай екен. Жалпы , әлемдік нарыққа толықтай енеміз десек, қазірден электромобильдерді көптеп кіргізу керек. Бұдан қарапайым халық та, үкімет те ұтатыны анық.
Фото интернеттен алынды