Сұқбаттың негізгі тезистік мәтіндерінде былай делінген:
"... Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ассамблеяның аймақтардағы жұмыстарын жандандыру керек деген тапсырмасы өте маңызды. Неге десеңіз, нақты өмір аймақта. Ол - біздің ауылдарда, аудандарда. Әрбір жергілікті әкімдер күнделікті қоғамдық мәселелермен жіті таныс болуы керек. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Нақты көтерілген сұрақтардың шешімдері шығуы керек. Оның ішінде ауылдың сұрақтары, әлеуметтік мәселелер т.с. Кешегі тасқынның сұрақтары бар солардың барлығы алдымен жергілікті жерде талқылануы қажет "
"... Бірде - бір сұрақ этносаралық қақтығыстың мәселесіне барған жоқ. Себебі, Ассамбелядағы күнделікті жұмыстар мен халықпен қоян-қолтық жасалған шаруалардың арқасында, әрбір этноспен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде тұрақтылық пен бірлік формуласы сақталды. Тұрақтылық негізі - ол бірлік. Бірлігі бекем елдің Тәуелсіздігі баянды болмақ. Мұның бәрі түбінде сенімге апаратын дүние. Ал, сенім - бұл бірлікке апарады."
"... Ассамблея басшылығында болған кездері жұмыс сапарымен 56 елде болдым. АҚШ - қа дейін бардық. Кезінде Кофи Аннан "... Ассамблея- кіші БҰҰ" деп атап өткен болатын. Бұл енді халықаралық деңгейде мойындалған модель деп айтуға толық негіз бар. Бұны тарихтың өзі дәлелдеді"
"... 1 - наурыз Алғыс айту күні. Ассамблеяның туған күні. Осы күнді арнайы енгіздік. Бүкіл қазақстанда тұратын этностардың өкілдері қиын-қыстау кездерде қазақ халқы қолдап, қорғағаны үшін арнайы Қазақ халқына мың алғыс деген ескерткіш қойылған болатын. Ол шара Алматы облысында басталып, кейін бүкіл елде аталып өтілді. Қазақтарда осы дәстүрді орайлы жалғастырып, анаға, әкеге, отбасыға, бауырға алғыс деп бүгінге дейін атап өтуде. Бірлікке ат салысқан барлық Қазақстандықтарға бүгін алғыс айтқым келеді. Деніміз сау болсын. Басымыз аман болсын! Халқымыз бірлікте болсын!"
Сұқбаттың толық нұсқасы сілтемеде https://www.youtube.com/watch?v=kbr4JSWJHyg