Динара Щеглова жаңа қызметке тағайындалды

Осыған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінде болған Динара Щеглова Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ras.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, кейін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.

2004-2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бөлімінде бас маман.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет етті.

2011-2018 жылдары – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, төраға кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында болды.

2018-2019 жылдары – ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды.

2019-2020 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында дүниеге келген.


Advertisement
Share Post