Тағы бір ерекшелігі - ел арасындағы қарапайым ғана оқиғалардың өзін ұлттық деңгей өлшемінен асырып, адамзаттық биікке шығара білуінде. Кезінде шәкірттері марқұм Көпен Әмірбек "Жүрсін - ақындар университетінің ешқандай бұйрықсыз бекітілген ректоры" деген еді. Расында, бұл - үлкен теңеу. Жүрсін Ерман - 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.
1980 жылға дейін Жезді ауданы «Октябрь туы» газетінің әдеби қызметкері, 1971-1978 жылдары Жезқазған облыстық телерадиокомитетінің аға редакторы, 1978-1980 жылдары Жезқазған облыстық телерадиокомпаниясының Бас редакторы қызметінде болады. Кейін, Қазақ республикалық телевизиясының бас редакторы, 1992-1996 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, «Қазақ мемлекеті» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан қанаты» - «Крылья Казахстана» газетінің бас редакторы қызметтерін абыроймен атқарды. Осы уақыт аралығында шығармашылық жұмыстан да қашық болмады. 2003-2006 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті гуманитарлық ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, 2006-2007 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Қазақ радиосының бас директоры қызметтерінде болды. Алғашқы өлеңдер жинағы - «Жанартау» 1983 жылы жарық көрді. «Ұлытауға бардың ба?..», «Құдіретке жүгіну» , «Екі тізгін, бір шылбыр» атты еңбектердің авторы.
Жүрсін Ерманның шағырмашылығы мен өнерінде адам құндылықтар, рухани тақырыптар мен адамның болмысы, табиғаты, қоғамның бейнесі т.с. сұрақтар әрқашан қамтылған.
Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, қазақ айтысының қара нары атанған Жүрсін Ерман бүгін 74 жасқа толып отыр.