Бүгілмес болат, сынбас семсер атты детектив жанрындағы жаңа еңбек сатылымға шықты

"Бүгілмес болат, сынбас семсер" кітабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Еңбек сіңірген қызметкері, Арнайы мақсаттағы бөлім командирі, полиция полковнигі Дәулет Темірхановтың ұзақ жылдық еңбек жолын баяндайды.

Үш бөлімнен тұратын кітапта 1990 — жылдардағы қылмысқа қарсы күрес, кепілге алынғандарды босату, қарулы қылмыстық топтарды жою, экстремизм мен терроризм актілерін оқшаулау сияқты арнайы жасақтың ерең еңбектері мен ерліктері деректі детектив желісінде баяндалады.

Бұл шығарма патриотизмнің шынайы үлгісін көрсетіп, оқырманды батылдық пен адалдыққа жетелейді.

Кітап тек арнайы жасақтың қызметі ғана емес, сонымен қатар командирдің өмірлік жолы, кәсіби және жеке өсуі туралы сыр шертеді. Әр бөлімде қиын да қызықты операциялар, қызметтегі шытырман оқиғалар, сарбаздар- дың ерлігі мен батыл әрекеттері нақты деректер арқылы баяндалады. Сондай-ақ, автор болашақ ұрпаққа үлгі болар патриоттық рух пен адалдықты сақтаудың маңыздылығын баса көрсетеді.

Бүл кітап тек құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ғана емес, елдің тыныштығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген әрбір азамат үшін құнды тәжірибеге толы.

Кітапты төмендегі сілтемеге кіріп сатып алуға болады. 8 708 776 76 80 

 https://www.flip.kz/catalog?prod=4497145                                 


Бөлісу