Белгілі әнші – композитор Ақжол Мейірбеков өмірден озды

Бұл туралы Ras.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбеков 1950 жылы қазіргі Түркістан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) облысында дүниеге келген. Әнші 1978 жылы ансамбльге қабылданып, кейін, «Арқас», «Сазген» «Адырна» ансамбльдерінде өнер көрсетіп, қазақ руханиятының жаңа биікке көтерілуіне айтарлықтай үлес қосты. Кейін, «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшіс болды. «Ақжол» ән - театрын құрды.

«Алло, біз таланттарды іздейміз» атты ән байқауында халық әні "Айгөлек" әнімен гран-при жүлдесін ұтып алған. Халық арасында әйгілі аты аңызға айналған “Дос Мұқасан” ансамбльінің құрамында жүріп, "Назқоңыр”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі” халық композиторларының әндері нақышына келтіріп орындаған.

Әншінің отбасы, тыңдармандарына редакция атынан көңіл айтамыз. Алла ағамыздың алдынан жарылқасын!


Advertisement
Share Post