Астанада Ұлы Дала даңғылының учаскесі уақытша жабылады

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әл-Фараби даңғылынан Ә.Бөкейхан көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Осыған байланысты, 15-20 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Бөлісу