Акция басталғаннан бері полиция қызметкерлері мен уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен рейдтік іс-шаралары нәтижесінде 43 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Атап айтқанда, Шарбақты көшесінің бойында Howo жүк көлігінің жүргізушісінің құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орынға төккені анықталды. Тиісті тексеріс нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралын пайдалануға уақытша тыйым салынды. Науқан басталғаннан бері рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс шығарғаны және ағынды суларды төккені үшін 500-ден астам жүк көлігі мен кәріз тасушы көлік жүргізушілеріне қатысты айыппұл салынды.