Моңғолияда әлемдегі қар барысының 20 пайызы мекендейді

Фото: Монцамэ

Моңғолияда 1000-ға жуық қар барысы бар, олар Моңғол Алтайын, Гов-Алтай аймағын, Хангай мен Саян тауларын қамтитын 328 мың шаршы шақырымдай аумақты мекендейді. Демек дүниежүзіндегі барыстардың жалпы санының 20 пайыздан астамы Моңғолияда тіршілік етеді.

Бұл туралы Монцамэ агенттігі жазды, деп хабарлайды Ras.kz.

Халықаралық қар барысы күніне орай дүние жүзінде түрлі көрмелер, конференциялар, семинарлар өтіп, деректі фильмдер көрсетілуеді. Спорт пен өнер әлемінің танымал тұлғалары сирек кездесетін аң түрін қорғауға және сақтауға шақырады.

Бұл іс-шаралар барысты қорғау және оның табиғи ортасын сақтау қажеттілігіне назар аударуға бағытталған.

Advertisement
Share Post