Аяз болып, бұршақ жауады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Алдағы күндері Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады деп болжанып отыр. Бұл туралы Қазгидромет мекемесі хабарлады

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы да мүмкін. Түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қостанай, Ұлытау облысында қар мен жаңбыр жауады. Ел аумағында тұман түседі.

Хабарламада 12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуірде Ақтөбе, 13-14 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады деп болжанған

Бөлісу
Ілмектер