Анелия Әлімова бұл марапатқа жаһандық сән және өнер орталығында шығармашылық пен инновацияны ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі үшін ие болған.


Марапатты белгілі меценат және қоғам қайраткері Jean Shafiroff өз қолымен табыстады.

«Бұл менің 3 жыл бойы ұйқысыз, тынымсыз еңбегімнің нәтижесі», – деді Анелия Әлімова.

Анелия – АҚШ-қа Эйнштейн визасы арқылы келген тұңғыш қазақ. Ол – People Awards нұсқасы бойынша халықаралық бизнес-сарапшы, Халықаралық ғылыми мақалалардың авторы, «Әлемдегі ең табысты ТОП-30 әйел» тізіміне енген қазақ қызы.

Бүгінде ол Anelya Alim New York косметика брендін (АҚШ өндірісі) қалыптастырып, Нью-Йорктегі макияж мектебінің негізін қалаған. Косметика бренді арқылы ол Бүкіләлемдік Тhe makeup shou көрмесінде Бобби Браун, Данесса Мирик, макияж академиясымен бір көрмеде макияж жасаудың қыр-сырын көрсеткен. New York Fashion Week сән шоуын, осы сияқты 16 шоу ұйымдастырған. Әлемге әйгілі америкалық әнші Бейонсенің продюсерімен бірге жұмыс істеген.

Айта кетсек, EB-1 визасы немесе Эйнштейн визасы – шетелдік дарынды дәрігерлерге, ғалымдарға, спортшыларға, мәдениет қайраткерлеріне және табысты кәсіпкерлерге арналған виза.

Анелия Әлімовамен бұған дейінгі сұхбатты осы жерден оқи аласыздар.