«Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады», - делінген жазбада. Министр елді тек сенімді қайырымдылық операторларымен жұмыс істеуге үндеді. 

«Барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», - деді А.Балаева. Осыдан сәл уақыт бұрын ғана, Перизат Қайрат су тасқыны кезінде 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен қолға түсті деген ақпарат жарияланған болатын. 

фото Ақорда.кз сайтынан алынды