Салтанатты іс-шараның ашылуында Киев академиялық қалалық үрмелі аспаптар оркестірінің орындауында Украина мен Қазақстанның Әнұраны шырқалды.

Украина халық депутаты, «Украина-Қазақстан» парламентарлық достық тобының жетекшісі Сергей Нагорняктің қолдауымен өткен іс-шараға Тарас Шевченко атындағы КҰУ ректоры Владимир Бугров, Шевченко ауданы әкімшілігінің басшысы Александр Поповцев қатысты.

Киевтің «Борвничек» украин би мектебінің оқушылары қонақтарға қазақтың «Қамажай» биін тарту етті.


Ал «Веселат» халық әнінің вокалдық ансамбілі украин-қазақ достығына арналған «Достық» әнін орындады.

Қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтауға Тарас Шевченконың шағын отанынан бірқатар топ өнер көрсетті. Солардың қатарында Звенигородка қаласынан «Запев» әуесқой халық ән ансамбілі, Манковщинадағы Дзензиловка ауылынан «Родина» әуесқой халық хоры бар.

Қонақтарға қазақы шай мен бауырсақ ұсынылды.