Tiktok-ты бізде ай сайын 10 млн адам қолданатынын білгенде таң қалғам екі жыл бұрын зерттеп көріп. Біздегі ешбір БАҚ-та жоқ мұндай потенциал! Әйелдердің 63, еркектердің 37 пайызы осында отырады екен. 90 минутын соған арнап, 14 рет кіреді екен күнде тик-токқа халық. Алматының әкімдігінің тик-токқа арнап ролик түсіруге 31 млн теңге бөлгенін де білдік сол кезде. Содан бері екі жыл өтті. Екі жылда 30 пайызға дейін өсуі мүмкін ғой тик-токты қолданатындардың саны да, бөлген ақша да?! Tiktok қазір баяғыдай әзілдесіп, музыка тыңдап, ойыңа келген нәрсені салып қана отыратын желі емес, аудиториясы бар, қоғамдағы көңіл-күйді тап басып отыратын, кейде ойыннан от шығаратындай үлкен платформаға айналып барады. Кейінгі кезде көтеріліске үндейтін протесшіл орта да қалыптасты онда өз тыңдарманы бар. Билік осының бәрін көрмей-білмей отырған жоқ. Тездетіп алдын алып, жолын кеспек болып жатқан сияқты мұның сөйтіп. Илікпей бара жатыр ғой бұл желі барған сайын популярный болып әйтпесе.

Жолымбет Мәкіштің "Facebook тегі" жазбасынан алынды