Қала прокуратурасының үйлестіруімен елорда аумағында азаматтардың қаражатын тиісті рұқсатсыз заңсыз тарту фактісі анықталды. Құрылыс салушы «INTER Stroy Astana» ЖШС «QURMANGAZY» көпқабатты үй салу үшін үлескерлердің ақшасын қабылдаған. Құрылысқа тапсырыс беруші объектіде жерге тиісті құқық, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама, техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама болмаған, осыған қарамастан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады, бұл өз кезегінде «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу болып саналады. Осылайша, құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оған жол берілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Берілген нұсқаманы орындау үшін құрылыс салушы ерікті түрде заңсыз объектіні бұзу бойынша іс-шара жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.