Қостанай қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ шеңберінде өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын сақтауда күдікті 35 жастағы ер адамды ұстады. Ер адамда ақшыл түсті ұнтақ заты бар 10 полиэтилен орамы табылды. Сот сараптамасының нәтижесінде зерттеуге ұсынылған зат мефедрон болып шықты. Жалпы салмағы 4.50 гр. Полиция есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және таратудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Ақпарат көзі Polisia.kz