Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды.
Мысалы, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған.
Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды.
Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.
Құқықтық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.
Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз.
Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз.