Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбенің Қазақстанға ресми сапармен келуі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асады.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екі жақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр делінген хабарламада.
Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Астанаға 27-28 қарашада келеді.
фото Aqorda.kz сайтынан алынды