Еске салайық, сот қаулысымен оның ұлына бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол алғаш рет тәртіп бұзып отырған жоқ.
Журналистер депутаттан ұлының Алматыға тойға барғанын біле ме деген сұрақ қойылды.
"Білген жоқпын. Бұл іске араласқым келмейді. Жас қой әлі... Онымен үнемі сөйлесетінмін. Қай әке баласының жаман болғанын қалайды? Әрине, бұл туралы ойлаймын. Біз оған қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ неге және қалай болғанын білмеймін. Жасы небәрі 21 жаста болса да соңынан аңдып жүр. Егер оның психикасына зардап тисе, кім жауапты? Сондықтан айтарым: менің балам өте жақсы, тәрбиелі. Енді достарымен араласа алмай ма? Туған күн кешіне баруға болмай ма? Бұл туралы қатты алаңдаймын. Баламның денсаулығы да алаңдатады", - деді Тұрлыханов Мәжіліс кулуарында.
Естеріңізге салсақ, пробациялық бақылауда болған Нұрасыл Болатттың Алматыда түнде тойда жүрген видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.