«Бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердік. Тағы да жауап берейін сізге. Менің қызметтік көлігімді Президент іс басқармасы ұсынған. Бұл – Kia көлігі. Өзім таңдамағандықтан, қайда құрастырылғанын айта алмаймын. Бұл көліктерді бізге таңдатпайды», - деді министр.
БАҚ өкілдері өнеркәсіп саласын басқаратын министрге неге отандық көлікпен жүріп, өзгелерге үлгі көрсетуге болмайтынын сұрады.
«Бір жағынан сіздікі дұрыс шығар. Қазақстанда құрастырылған автомобильге отыру керек шығар. Мен елімізде құрастырылған көлік беруін сұрап көрейін. Бұған дейінгі жұмысымда Elantra көлігімен жүргенмін. Қызмет орным ауысты да, берген көлікпен жүре бердім. Көлік мәселесін көтермеген болатынмын. Енді қайтадан елде құрастырылған көлікке отырамын. Бұдан ешқандай проблема көріп отырған жоқпын. Бұл жерде маған қандай көлік беретініне байланысты. Не берсе, сонымен жүремін», - деді Қанат Шарлапаев.