Аталған стартапқа Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан Astana Hub резиденті мәртебесі аясында жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді, сондай-ақ Seed Money бағдарламасы аясында қаржыландыру берілді. CodiPlay әлемнің 10 еліндегі 450-ден астам оқу орнын қамтиды, олардың қатарында Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Түркия және Әзербайжан бар. 2024 жылдың соңына дейін Түркістан облысындағы 10 білім беру ұйымы CodiPlay экожүйесіне қосылса, 2025 жылы тағы 60 мектеп, оның ішінде Ақтөбе және Қарағанды облыстары қамтылады.